Жол-көлік оқиғасы Астанадағы Бараев көшесінде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Бараев көшесімен Қабанбай батыр даңғылына қарай келе жатқан маршруттық автобустың жүргізушісі көлікті басқара алмай жол жиегінде тұрған бағанаға соғылған. Оқиға болған кезде автобуста 25-ке жуық жолаушы болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен бірнеше жолаушы жарақат алып, қажетті көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілді, – деп хабарлады елордалық Полиция департаменті.
Полиция атап өткендей, тексеру жүргізіліп жатыр. Апаттың мән-жайы мен себебі анықталады.