Русский Сайттың толық нұсқасы

Көп балалы, жалғызбасты ананың мұңы

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2017
  • 2431

Шымкенттік әйел туған перзентін аяусыз соққыласа, Қызылорда тұрғыны Айгүл Нұрманова 7 баласын жалғыз өзі асырап отыр. Үкімет беретін 13 мың теңге жәрдемақыға алынған азықты сол балапандарының аузына тосады. Басында баспанасы да жоқ. Көңілі жайлау көршілерінің бірі бөлке нанын, екіншісі, киілген болса да, киімдерін беріп, көмектесуге тырысады. Олар да өзі сияқты тұрмысы төмен кісілер. Ал кейбіреулер "балаларыңды интернатқа өткіз, демалыс күндері алып тұрасың" деп "ақыл" айтады екен. 7 баланы жетелеп, үнемі пәтер жағалап жүретіні тағы бар.  Тұңғышы - 12 жастағы оқу озаты Диана, аяқ асты көшіп жатсақ, анама қиын болады деп, балалар лагеріне бармай қалған.

Айгүл Нұрманова, көп балалы ана:

Бір ай мұнда тұрсақ, бір ай басқа жаққа көшуіміз керек. Өйткені қазір балалары көп ананы ешкім алмайды, ешкім жақтыртпайды. Соның бәрін менің кішкентай балаларым көріп келе жатыр, менімен бірдей. Менің балаларым жанымда болса, мен тыныш ұйықтаймын, мен еш уайымсыз боламын. Мықты азамат қылып өсіремін, өсіре аламын да. 

Көп балалы, жалғызбасты ананың тағдыры туралы материалды ертең, 20.00-д, «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан көре аласыздар!