Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда белгілі кәсіпкер жоғалып кетті

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2025
  • 325

Павлодарда 52 жастағы кәсіпкер Асылан Хамитұлы Нұрмағамбетов жоғалып кетті. Оның туыстары полицияға арыз берген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полицияның мәліметінше, Нұрмағамбетов 21 ақпанда шамамен сағат 14:40-та үйінен жұмысқа шығу үшін ақ түсті Toyota Camry-50 (мемлекеттік нөмірі 039 OFA 14) көлігімен кеткен. Алайда содан бері қайтып оралмаған.

Белгілі болғандай, ол Павлодардағы жергілікті фирмалардың бірін басқарады.

Ер адамды қалай тануға болады?

Жасы – 52-де

Бойы – 170-175 см

Орта дене бітімді

Көзілдірік тағады

Өзімен бірге ұялы телефоны болған

Киген киіміндегі ерекшеліктер:

Қою көк түсті пуховик

Сұр баскиім

Қара джинсы

Қоңыр түсті жартылай спорттық аяқкиім

Полиция Нұрмағамбетовтің орналасқан жері туралы кез келген ақпараты бар адамдардан 102, 8 (7182) 37 76 10, 37 76 11 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды. Анонимдікке кепілдік беріледі.