Депутат Берденов парламенттен кетеді

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2025
Фото: ашық дереккөз

Ulysmedia.kz дереккөзі мәжіліс депутаты Руслан Берденовтің парламенттен кететінін растады.

Ол жуық арада өзінің туған жері – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалмақ. Берденовтің кандидатурасын президент әкімшілігі мақұлдаған.

Айта кетейік, қазір Шымкент қаласының әкімі болып Ғабит Сыздықбеков қызмет атқарып жүр.

«Almaty Kus» Сеймар Групп ААҚ (2005 ж.);

Procter & Gamble LLP компаниясының бас логистикалық үйлестірушісі (2007-2010 жж.);

EASTCOMTRANS ЖШС жылжымалы құрамды жалдау бөлімінің басшысы (2010-2012 жж.)

«Ақ ниет» ЖШС бас директоры (2012-2018 жж.)

«Ақ ние» ЖШС байқау кеңесінің мүшесі (2018-2019 жж.)

Aq niet Group байқау кеңесі төрағасының орынбасары (2019-2023 жж.)

Естеріңізге сала кетсек, былтыр қаңтар айында мәжілістен «Республика» партиясының тағы бір өкілі Динара Шүкіжанова кеткен болатын. Ол қайтадан бизнеске оралды.