Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да жол апатынан үш адам қаза тапты

  • 24 ақпан 2025
  • 269

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан үш адам қаза тапты. Қайғылы оқиға "Казталовка-Өнеге-Жәнібек" тас жолының бойында болған. Полиция дерегінше, ауыр жүк көлігін басып озбақ болған «Ford Focus» жолдың қарсы бетінде келе жатқан «Chevrolet Cobalt» көлігіне соғылыпты. Апаттан екі көліктің де жүргізушісі және тағы бір жолаушы тіл тартпай кеткен. Тағы төрт жолаушы ауруханаға жеткізілді. Қазір осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.