Бойжеткен бейтаныс ұсынған тәттіден дәм татып, уланып қалды

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2025
Almaty.tv

Алтай өлкесіндегі елдімекендердің біріндегі азық-түлік дүкенінде бәз біреу 23 жастағы бойжеткенге кәмпит ұсынған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Қыз ұсынылған тәттіден дәм татып, ауруханадан бір-ақ шықты. Тәттіден жағдайы нашарлаған қыздың уланғаны белгілі болды.

Ауруханада оған белгісіз заттан улану диагнозы қойылды. Әзірге қыздың жағдайы туралы ақпарат берілмеді.