Русский Сайттың толық нұсқасы

Шаруаларды қолдауға 116 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

  • 25 ақпан 2025
  • 348

Үкімет резервінен шаруаларды қолдауға 116 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Жобаның қос бағыты бар. Бірі - ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолжетімді несие арқылы қолдау, екіншісі - шаруалардың қаржылық жағдайын тұрақтандыру. Аталмыш құжат Президенттің "көктемгі егіс пен жиын-терім жұмыстарын кемінде 700 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген қаржыландыру" тапсырмасы бойынша қабылданды.