Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды

  • 27 ақпан 2025
  • 421

Өскеменде «Таза бейсенбі» акциясы жалғасуда. «AMANAT» партиясының қызметкерлері, депутаттар мен белсенді жастар қаладағы «Нұрлы жол» саябағын қоқыстан тазартты. Тонналаған қар шығарды. Бұл су тасқынының алдын алуға көмектеседі, деді шараға қатысушылар. Экологиялық мәдениетті дамыту бағытындағы шараға онкологиялық орталықтың қызметкерлері де атсалысты. Сондай-ақ, акция аясында белсенділер қарттарға да қол ұшын созып, олардың аулаларын қардан тазартты.

ЭЛЬМИРА НҰРСЕЙІТОВА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ШҚОФ КЕҢЕСШІСІ:

Жетпіс бес жасқа келген қарт әжеміз жалғыз басты өзінің өтінішін білдірген болатын. Былтырғы жылы үйін су басу қауіпі жағдайы болғаны үшін биыл соның алдын алу бағытында қарын күреп беруге көмек сұраған болатын. Осыған орай Өскемен қаласының ТЖ басқармасымен және Өскемен Парк коммуналдық қызметімен бірлесіп бүгінгі таңда "AMANAT" партиясы осы акциясы ұйымдастырылып жатыр.