Әкесі ұлын көк ала қойдай етіп сабап, суға батырмақ болған

  • AstanaTV
  • 02 наурыз 2025

Ресейдегі Пермьде өтіп бара жатқан адамдар әкесінің баласын суға батырмақ болған сәтінде араша түсіп, құтқарып қалды. Бұл туралы «Московский Комсомолец» хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Куәгерлердің айтуынша, Солдатова көшесінде ер адам алдымен әйелін ұрып-соғып, кейін баласына шабуыл жасаған. Бала пәтерден қашып шыққан сәтте соңынан қуып, оны суға батырмақ болған.

Жолаушылардың бірі жылап тұрған баланы әкесінің қолынан жұлып алып, құтқарып қалған. Үй тұрғындары да көмекке келіп, баланы подъезге кіргізген.