«Жомарт» кенішіндегі апатты тергеудің алдын ала қорытындысы шықты

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2025

Үкіметтік комиссия «Жомарт» кенішіндегі апатты тергеудің алдын ала қорытындысын хабарлады. Тергеуде 8 кіші комиссия құрылып, оған ғылыми-зерттеу институттары мен зертханаларының сарапшылары тартылды. Комиссия мүшелері оқиға куәгерлері арасында сауалнама жүргізген. Өндіріс технологиясын зерттеп, техникалық құрылғылар мен жабдықтардың жұмысқа жарамдылығын тексерді. Комиссия тау-кен қазбасынан метанның жиналуы мен бөлінуі, содан кейін электр жабдықтарының ұшқынынан жарылыс болуы сияқты апаттың негізгі себебін анықтады. Сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша айтарлықтай ереже бұзылғаны анықталып, жауапты тұлғалар белгілі болды.

Д. Жақсыбай