Халыққа қызмет көрсету орталықтары наурыз мерекелерінде қалай жұмыс істейді

  • AstanaTV
  • 07 наурыз 2025
  • 370
Фото: gov.kz

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жұмыс кестесі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Халықаралық әйелдер күніне орай 8 және 9 наурызда ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді.

Дүйсенбі күні, 10 наурызда азаматтарды тек кезекші орталықтарда сағат 09:00-13:00 аралығында қабылдайды.

Дәл осы жұмыс кестесі 25 наурызда да сақталады. Ал 21, 22, 23 және 24 наурызда Наурыз мерекесіне байланысты демалыс күндері.