Русский Сайттың толық нұсқасы

Су шаруашылығы саласындағы барлық қызметкердің жалақысы 50%-ға өседі

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2025
  • 302

Су шаруашылығы саласындағы барлық қызметкердің жалақысы 50%-ға көтеріледі. Су ресурстары және ирригация министрлігі аталмыш бағытта нақты жұмыстар жүргізіп жатыр. Оған қоса  саланы дамытуға ауқымды инвестициялар тартылып, биыл 4 жаңа су қоймасын салу жоспарлануда. Жыл соңына дейін топтық су құбырының 12 жобасы аяқталса: 423 мың тұрғыны бар 153 ауыл сапалы ауыз сумен қамтылады. Осы тұста 52 елдімекен орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылады.

ЕРБОЛАТ ИБРАЙХАНОВ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Министрлік 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне жан-жақты дайындық жүргізуде. Барлық су қоймалары мен гидротехникалық құрылысжайлар тұрақты бақылауда. 2024 жылы жөндеуді қажет ететін 564нысан анықталды, олардың 74-і жөнделді, 46-сында жұмыстар жалғасуда, 18-іне ЖСҚ әзірленді. Сонымен қатар, 153,7 км өзен арналары тазартылды.