Русский Сайттың толық нұсқасы

Рухтастар ақ жаулықты аналарға құрмет көрсетті

  • AstanaTV
  • 07 наурыз 2025
  • 217

Қызылордалық жастар ақжаулықты аналарға. Қалада 300-ден аса жалғызбасты қария тұрады. Оларға «Жастар рухы» жастар қанатының еріктілері әркез қолұшын созып, қолқабыс жасайды. Үй шаруасына көмектесіп, отын-суларын тасып береді. Еріктілер бүгін ардагерлерді мерекемен құттықтап, ыстық ықыластарын білдірді. Сондай жанны бірі - Гүлжамал Жомартова. 75 жастағы кейуана көрсетілген сый-құрметке өз ризашылығын айтты. Мұндай шаралар жас буынның жүрегіне мейірім мен жылулық ұялатады дейді ұйымдастырушылар.

ӘСЕТХАН БАЙМҰРЗА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ҚОФ ТӨРҒАСЫ:

Мерекені бірге тойлап, арнайы сый-сияпатымен, алғысхатымен және де түрлі-түрлі сертификаттарды табыстадық. Оның ішінде кілем жуу орталығы ардагер әжелеріміздің үйіндегі барлық кілемдерін қоса жуып беретін болады. Оның барлығы тегін жүзеге асады. Жастарға тәлім-тәрбие, үлкендеріміздің құрметтеуге деген, үлкендеріміздің тарихынан сабақ алуға осындай мүмкіндіктер береді.


Ал ақтөбелік рухтастар қариялардың үй шаруасына қол қабыс тигізіп, ауласын қардан тазалап берді. Еріктілер 90 жастағы тыл ардагері Любовь Савельеваны құттықтап барды. Ардагер өмір бойы құрылыс саласында еңбек еткен. Үш бала тәрбиелеп өсірген. Бүгінде немере шөбере сүйіп отыр.  Еріктілер ардагердің үй шаруасына қол қабыс тигізіп, ауласын қардан тазалап берді. Жастар қарияға өз жылы лебіздерін білдіріп, мерекемен құттықтап,  сыйлық тарту етті.

ӘЛІШЕР ТЫНЫШТЫҚ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ АОФ ТӨРАҒАСЫ:


Жастар рухы жастар қанаты тұрақты түрде «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы бойынша жалғыз басты қарияларға келіп, әртүрлі көмек көрсетеміз. Бүгін Еңбек ардагері Любовь Константиновнаны келіп, рухтастар белсенділер ауласының қарын тазалап беріп жатыр. Бүгінгі күн жалпы қуанышты күн мереке күн болғандықтан Любовь Константиновнаны мерекемен құттықтап келіп жатырған жайымыз бар.