Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауа райының бұзылуына байланысты Алматы облысында автожол жабылды

  • AstanaTV
  • 08 наурыз 2025
  • 341
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

ҚазАвтоЖол Алматы облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп хабарлайды Astana TV.

2025 жылғы 7 наурыз сағат 23:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды:

- «Кеген-Нарынқол» автожолының 0-89 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Кеген-Нарынқол);

Жолды 8 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған. Сонымен қатар 8 наурыз сағат 01:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:

- «Байсейіт-Кекпек-Шонжы-Көктал» автожолының 147-230 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Нұры ауылы-Шонжы ауылы).

Жолды 2025 жылғы 8 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.