Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында екі адам жүк көлігімен шығып, хабарсыз кеткен

  • AstanaTV
  • 08 наурыз 2025
  • 335

Кеше кешке екі адам Атырау облысы Құлсары қаласынан Шөл қала учаскесіне жүк көлігімен шығып, хабарсыз кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кешке құтқарушыларға көмек сұрап туыстары хабарласты.

Бүгін, 8 наурызда таңертең ТЖМ іздестіру тобымен жоғалғандар "Бес ағайын" қыстағында табылып, Құлсары қаласына жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады.