Русский Сайттың толық нұсқасы

Португалиялық футболшы қазақстандық клубта ойнайтын болады

  • AstanaTV
  • 08 наурыз 2025
  • 397

Бұған дейін португалиялық “Эсперанса де Лагос”, “Вилаверденсе” және румыниялық “Политехника” клубтарында өнер көрсеткен, - деп жазды turkystan.kz

Астананың “Жеңіс” футбол клубы португалиялық жартылай қорғаушы Гонсалу Филипе Кармумен келісімшарт жасасты.

25 жастағы Карму Португалияның “Лоулетану” клубының тәрбиеленушісі. Ол оң және сол қанатта, сондай-ақ вингер позициясында ойнай алады. Бұған дейін португалиялық “Эсперанса де Лагос”, “Вилаверденсе” және румыниялық “Политехника” клубтарында өнер көрсеткен.

“Жеңіс” клубы жақында тағы бір легионермен келісімшарт жасасты – Солтүстік Македониялық шабуылшы Эрдон Даци.