Алматы әуежайында кепілдікке алынған қыз құтқарушысымен кездесті

  • AstanaTV
  • 10 наурыз 2025
Фото: instagram.com/abdraimov_musa

Алматы әуежайында кепілдікке алынған қыз оны құтқарған Мұса Әбдірайымовпен кездесті. Ол бұл сәтті суретке түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Сіздер әуежайда болған оқиғаны көрген шығарсыздар. Бүгін біз қыздың хал-жағдайын білу үшін оны зиярат еттік. Аллаға шүкір, бәрі жақсы. Алдағы күндеріміз тек жарық әрі тыныш болсын!» – деп жазды ол.