Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-та төрт жасар бала балмұздағын жеп қойған анасын полицияға ұстап бермек болған

  • AstanaTV
  • 11 наурыз 2025
  • 257

Висконсин штатында 4 жасар бала анасына шағымданып, полицей шақырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy АР-ға сілтеме жасап.

Полицейлер хабар түскен үйге барып, баланың жағдайының дұрыстығына көз жеткізген.

Бөбек «анам менің балмұздағымды жеп қойды», - дейді.

Мейірімді офицерлер келесі жолы тек төтенше жағдай болғанда ғана хабарласу керегін балақайға түсіндірді.