Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда 19 жастағы мопедші бетон араластырғыш жүк көлігінің астында қалып, көз жұмды

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2025
  • 211

Алматыда 19 жастағы мопедші бетон араластырғыш жүк көлігінің астында қалып, қайтыс болды. Жол апаты Алатау ауданында болған. Полиция департаментінің дерегіне сәйкес, мопед тізгіндеген жас жігіт батыс бағытта келе жатқан. Ол «Жол бер» белгісін елемей, жол қиылысына шығып кетіп, солтүстік бағытта келе жатқан «Хово» маркалы бетон араластырғыш жүк көлігімен соқтығысқан. Мопедші сол жерде жан тапсырды.