Сенат Су кодексін Мәжіліске қайтарды. Депутаттар ілеспе құжаттарды екі оқылымда талқылады. Жаңа редакциялауды ұсынды. Құжат аясында су объектілерін ұтымды пайдалану, стратегиялық жоспарлауды енгізу, гидротехникалық құрылыстарды басқаруға басымдық берілген. Сондай-ақ су ресурстарының мониторингі мен басқарудың ұлттық ақпараттық жүйесін құру көзделіп отыр.
ЖАНБОЛАТ ЖӨРГЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Жаңа Су кодексі 6 бөлімнен, 15 тараудан және 134 баптан тұрады. Кодекстің негізгі жаңалықтары су ресурстарын кешенді басқаруды дамыту қағидатын сақтай отырып, мемлекеттік жоспарлау жүйесін реформалау болып табылады.