Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жас ұрпақтың бойына біліммен қатар тәрбиені қоса сіңіру - парыз",-тұрғын

  • 20 наурыз 2025
  • 223

«Тәрбиесіз берілген білім –адамзаттың қас жауы». Көкше төріндегі ұлттық құрылтайда айтылған келелі мәселенің бірі осы.  Ел тағдырына бей-жай қарамайтын әрбір азамат үшін   басқосуда көтерілген әрбір бағыт маңызды.   

БЛИЦ:


- Елімізде болып жатқан түрлі зорлық-зомбылықтар, жаман қасиеттер, нашақорлық сияқты індеттердің барлығы тәрбиесіздіктің кері әсері. Сондықтан осы ұлттық  құрылтайда көтерілген білім мен тәрбиені ұштастырып, жас ұрпақтың бойына білімді ғана емес, тәрбиені қоса егіп,  еңбек ету біздің ұстаздардың алдында тұрған парыз бен қарыз.  
- Жасөспірімдерді тәрбиелеуде анимация, кино индустрия туралы көп айтылды. Өйткені ұлттық өнім шығарсақ, ұлттық мультфильмдер шығарсақ ол әрине біздің болашақ жасөспірімге үлкен тәрбиелік мәні бар.
- Кино мәселесіндегі айтылған ойлар көкейден шықты. Халыққа, көрерменге ұсынар алдында комиссия қарау керек деген мәселе айтылды. Шындығында өзіміз де қазіргі уақытта кино көріп отырған кезде кейбір бейәдеп сөзерді орынсыз пайдаланған, немесе жеңіл күлкіге құрылған киноларды көрген кезде әттең-ай деп қалып жатқан жағдайымыз бар.