АЛ атыраулық мықтылар қой көтеруден сайысты. Ұлттық спорт санатына кірмесе де, той-жиында жиі өтетін ойында бақ сынағысы келетіндер көп болды.
Сайысқа 30-дан астам сен тұр, мен атайын деген жігіт қатысты. Ойын ережесі қарапайым: екі минут ішінде иығына салған түлікті кім көп көтерсе, қой - сонікі. Қатысушылар қобалжулы. Алайда көрермендер қолдауын сезініп, соңына дейін көтеруге тырысты. Екі минуттың ішінде 90 мәрте көтерген Алпамыс Айтмұханов жарыс жеңімпазы атанып, қойды өзімен бірге алып кетті.
ЕРСЕЙІТ БРАЛИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Бұрын бірнеше рет жеңімпаз болдым осы Атырауда. Жалпы спортпен шұғылданғаныма 10 жылдан асты. Бұл жылдан-жылға қызығушылық танытып, жылдан-жылға конкурент көбейіп барады.
АСЫЛБЕК ҚАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҰЛТТЫҚ СПОРТ КЛУБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Бұған екінің бірі қатыса алмайды, өйткені қойдың өзі 50-60 келі болса, былайғы адамның көтеруі оңайға соқпайды бұл жерде. Және аяқтың күші мықты болуы керек.