Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында жеңіл көлік велосипед мінген ер адамды қағып кетті

  • AstanaTV
  • 25 наурыз 2025
  • 278

Қарағанды облысында жеңіл көлік велосипед мінген 58 жастағы ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқыс оқиға Абай ауданына қарасты Қарабас ауылында болды. Ауыр жараланған ер адам көз жұмды.

Оқиғаға қатысты облыстық Денсаулық сақтау басқармасы агенттік тілшісіне түсініктеме берді.

«Көптеген жарақат алған. Дәрігерлер науқастың өмірі үшін күрескенмен, аман алып қала алған жоқ», - делінген ведомствоның жауабында.