Русский Сайттың толық нұсқасы

Шекара маңындағы 40 ауданда халық саны азайып кетті

  • 26 наурыз 2025
  • 233

Тұрғындар саны азайып барады. Елдегі шекаралық аймақтарда 65 аудан бар. Оның 40-ында халық жоқтың қасы. Әсіресе, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарынан жұрт жаппай көшіп жатыр. Негізі бізде өңірлерді дамытуға бағытталған бағдарлама жоқ емес, бар. Дегенмен шекаралық елдімекендерге берілуі тиіс жеңілдіктер әлі күнге дейін іске аспаған. Осылай деген депутаттар кезек күттірмейтін мәселе дереу шешілуі керек дейді.

ЕРЛАН САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бос жатқан жер жау шақырады» деген. Сондықтан бұл маңызды мәселеге жіті назар аударып, оны тиімді шешу жолдарын шұғыл қарастырғанымыз жөн. Мәселен, аумағы үлкен және халқы аз елдердің тәжірибесі шалғайдағы және шекара маңындағы аумақтарды дамыту үшін жергілікті тұрғындарға түрлі жеңілдіктер беру тиімді екенін көрсетеді.