Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өтетін әскери парадқа қатысатын сарбаздардың алғашқы легі Астанаға келді

  • 26 наурыз 2025
  • 374

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай әскери парадқа қатысушы  сарбаздардың алғашқы легі Астанаға келді. Бұл — Ақтау гарнизонының теңіз жаяу әскерлері бригадасынан келген 170-тен астам әскери қызметші. Парад 7 мамырда болады. Оған дейін сарбаздар дайындықтан өтеді.

САҒИ ҚЫЗАЙБЕК, "БАТЫС ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ" ТЕҢІЗ ЖАЯУ ӘСКЕРИ БРИГАДАСЫНЫҢ ГВАРДИЯ ЛЕЙТЕНАНТЫ:

Бала кезден арманымыз осы әскери шеруге қатысу болатын және сол арман орындалып алғаш рет әскери шеруге қатысуға келіп тұрмыз. Жоғары тәртіппен бізге қойылған тапсырманы ойдағыдай орындауға уәде береміз.