"Астана" телеарнасы Халықаралық ЭКСПО көрмесінен тікелей көрсетілімдер ұсына бастады. Бүгін алғашқы шығарылым көрермен бағасын алып үлгерді. Ал ертең ЭКСПО аумағындағы Ұлттық павильонымыз Нұр әлемнен тілшіміз Дәуренбек Бағдаулетұлы тікелей қосылады.
Тақырып - ғарыш айлағындағы энергия көздері. 5 минут бойы сіздер төл павильонға қойылған айрықша дүниелермен танысасыздар. Мұндағы жаңашылдықтар көптеген келушілердің назарын аударып үлгерген. Ендеше, ертең, 20 маусымда, сағат 16.00-де "Астана" арнасынан тамашалаңыздар.