Қазақстан мен Еуропалық Одақ елдері арасында виза беру тәртібі жеңілдейді

  • 28 наурыз 2025
  • 458

Қазақстан мен Еуропалық Одақ елдері арасында виза беру тәртібі жеңілдейді. Бұл ғана емес өзге салаларда да, еліміз бен Кәрі Құрлық мемлекеттері арасындағы ынтымақтастық арта бермек. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Комиссияның вице-президенті Кая Калласпен кездесті. Брюссельдің төрінен келген дипломат өңірдегі Қазақстанның ерекше рөлін атап өтті.