Русский Сайттың толық нұсқасы

Тағы бір өңірдің қариялары 5 млн теңгеден алатын болды

  • AstanaTV
  • 31 наурыз 2025
  • 274
Фото: BAQ.KZ

Биыл Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге 5 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлем қарастырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мәліметінше, облыста 9 Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері бар.

Биыл Жеңістің 80 жылдығына орай оларға 5 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлем қарастырылған. Бұған дейін бұл сома 1,5 млн теңге болған. Сондай-ақ ардагерлерге ай сайын 19 660 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек беріледі, - деп жауап берді әкім аппараты редакциямыздың ресми сауалына.

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне теңестірілгендерге көмек:

• Ленинград қоршауында болғандар, ерікті жалдамалылар, фашистік лагерь тұтқындары (жалпы 6 адам) – 120 мың теңге және ай сайын 19 660 теңге.

• Қайтыс болған ардагерлердің жұбайлары (124 адам) – 50 мың теңге.

• Тыл еңбеккерлері (2 076 адам) – 50 мың теңге.