Такси жүргізушісі жүйіткіп келіп, автобуспен соқтығысты - зардап шегуші бар

  • AstanaTV
  • 01 сәуір 2025
  • 316

Алматыда Әл-Фараби даңғылында автокөлік жүйіткіп келіп, №68 маршруттық автобуспен соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz

Белгілі болғадай автобус аялдамада тұрған.

Жүргізуші сыртта – зақымдалған дөңгелекті ауыстырып жатқан.

Осы уақытта Әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта Chevrolet cobalt маркалы автокөліктің такси жүргізушісі келе жатқан.

Бір сәтте ол оң жақтағы қатарға қарай қосылмақ болып, көлікті бұрған. Алайда, қас-қағым сәтте рөлге ие бола алмай қалған.