Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған концерт болды

  • AstanaTV
  • 01 сәуір 2025
  • 475

Бүгін Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында Халық қаһарманы, көрнекті композитор, күйші, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған "Әлқисса-Нұрғиса" атты ерейтойлық концерттің салтанатты ашылуы өтті.

Бұл концерт композитордың 100 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар бағдарламасының бастамасы болды.

Кеште ұлы тұлғаның құрметіне Мемлекет басшысының атынан гүл шоқтары табыс етілді.

Іс-шараға белгілі музыканттар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, халықаралық байқаулардың лауреаттары, сондай-ақ еліміздегі өнер ұжымдары қатысты. Олардың қатарында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық "Отырарсазы" оркестрі, Еркеғали Рахмадиев атындағы академиялық филармониясының симфониялық оркестрі, Б. Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы және танымал әншілер мен өнерпаздар бар.