Айдын Құлсейітов Президент әкімшілігіндегі қызметінен босатылды

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2025
  • 354

 Айдын Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен кетті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

— Мемлекет басшысының өкімімен Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды. Мемлекет басшысының өкімімен Рақымжан Серікбайұлы Ерназар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.