7 сәуірден бастап автосақтандыру қымбаттайды

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2025
  • 296

Автосақтандыру талаптарына енгізілген түзетулер 7-ші сәуірден бастап күшіне енеді. Жаңа ережеге сай енді жас жүргізушілерге сақтандыру құны қымбат болмақ.

Сондай-ақ көлік тізгіндеушінің жас ерекшелігі, өңірі, автомобильдің шыққан жылына байланысты да баға өзгереді. Сондықтан мамандар 7-ші сәуірге дейін ескі тарифпен көлікті сақтандырып үлгеруге кеңес береді.

Ал жаңа заң бойынша енді жол-көлік оқиғасы ғана емес, жүргізушінің бұған дейін ереже бұзған фактілері де есепке алынады,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы хабарлайды.