Президент «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына барды

  • AstanaTV
  • 03 сәуір 2025
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті мен «Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия» халықаралық конференциясына қатысу үшін Самарқанд қаласына барды, деп хабарлайды Astana TV.


Мемлекет басшысын әуежайда Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов қарсы алды.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен және Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен кездесу өткізеді.