Русский Сайттың толық нұсқасы

Екібастұзда мектеп стадионынан ер адамның мүрдесі табылды

  • AstanaTV
  • 05 сәуір 2025
  • 284
Фото: Павлодар облысы ТЖД

Полиция оқыс оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.  

 Екібастұздағы №13 орта мектептің стадионынан ер адамның мүрдесі табылды. Жедел жәрдем қызметі ер адамның бойында тіршілік белгілері жоқ екенін нақтылаған.

– Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қайтыс болған адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Ер адамның өліміне қатысы болуы мүмкін жағдайлар анықталып жатыр. Өлімге не себеп болғаны тергеп-тексеру шараларынан соң белгілі болады, - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

 Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлайды.