ЭКСПО көрмесіне келушілер саны 2 миллионға жетуі мүмкін. Еуразиялық медиа форумда «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов осылай деді.
Бүгінге дейін көрмені 300 мың адам тамашалаған. Ал кіріп шыққандардың саны 2 миллионға жеткен. Егер осы қарқын сақталатын болса, 2 миллион адам көрмені тамашалауы мүмкін. Ол кезде ЭКСПО аумағына кіріп-шығушылар саны 5 миллионға жетпек. 10 маусымда ашылған халықаралық көрме 10 қыркүйекке дейін жалғасады. Оған 115 ел мен 22 халықаралық ұйым қатысып жатыр.