Русский Сайттың толық нұсқасы

Абай облысында жол апатынан жүргізуші қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 10 сәуір 2025
  • 190

Абай облысында жол апаты көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық ПД мәліметінше, қайғылы оқиға 10 сәуірде шамамен сағат 05:20-да Семей – Бородулиха автожолының 16-шақырымында болған.

Volkswagen Passat маркалы автокөліктің 33 жастағы жүргізушісі Бородулыха ауылына бара жатып, рөлге ие бола алмай, жол жиегінен шығып кеткен, салдарынан ағашқа соғылды. Жол-көлік оқиғасынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, - делінген мәліметте.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.