Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбенің Хромтау ауданында белсенді жастар “ Отан-Ана” монументін ретке келтірді

  • 10 сәуір 2025
  • 669

Ақтөбенің Хромтау ауданында белсенді жастар  “Отан -Ана” ескерткішінің айналасын тазартып, ретке келтірді. “ AMANAT” партиясының “Жастар рухы “ жастар қанаты жастарының мақсаты  -бұл киелі орындарды қаз-қалпында сақтау, тарихи- мәдени мұраларды қорғау. “Отан -Ана” ескерткіші қан майданда елі үшін мерт болған жауынгерлердің құрметіне қойылған. Алып монумент кешегі мен бүгінгінің ұрпақтар сабақтастығының белгісі. Белсенді жастар монументтің жан-жағын күл-қоқыстан  тазалап, ескерткішті тазалап жуып, айналасын абаттандырды.  

МАЙРА БАЛҚЫБАЕВА,” AMANAT” ПАРТИЯСЫ ХРОМТАУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Жыл басынан бері 17 рет тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, 4 тонна қоқыс шығарылған болатын.Біздер өзен-көлдердің маңдарын жинауға, ескерткіштерді сақтауға, ардагерлерге көмек беруге аса мән беріп жатырмыз.