Бүгін үш қалада ауа ластанады

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2025

 Бүгін Қазақстанның үш қаласында жайсыз метеорологиядық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды KAZINFORM.

2025 жылдың 11 сәуірінде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар мен ауаның ластануы Қарағанды, Өскемен, Алматы қалаларында күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.