Астанада жас ғалымдардың I Республикалық форумы өтті. Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам зерттеуші келді. Форумда «Жас ғалым» бағдарламасының ғылымды дамытудағы маңызы мен рөлі сөз болды. Бағдарлама аясында соңғы үш жылда 688 грант беріліп, 74 оқу орнында жобалар жүзеге асқан. Зерттеулер ядролық энергетикадан бастап жасанды интеллектке дейінгі түрлі салаларды қамтиды. Ал қатысушылар ғылымды қолдағаны үшін Президентке алғыс білдіріп, «Жас ғалым» қауымдастығын құруды ұсынды.
НҰРЗАДА АМАНГЕЛДІ, Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ, PHD ДОКТОР:
Біз өңір-өңірге бөлінбей, университет-университет болып бөлінбей, бәріміз бірігіп, ғылым саласында бірге иық тіресе жұмыс жасау осы форумнан басталады деп ойлаймын.