Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысы Кеген ауданында "Парктер Шеруі-2025" экологиялық акциясы өтті

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2025
  • 248

Алматы облысы Кеген ауданында Парктер Шеруі-2025 экологиялық акциясы өтті. Дәстүрлі шара биыл 19- шы рет ұйымдастырылып отыр.    

Экологиялық акцияға жан-жақтан жиналған 200-ден аса адам қатысты. Ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары, студенттер, еріктілер мен ұлттық парк қызметкерлері бар. Биыл алғаш рет акцияның ашылуы Алматы қаласындағы № 157 мектепте ұйымдастырылып, кейін Кеген ауданында жалғасты.

НҰРБАҚЫТ ТЕҢІЗБАЕВ, КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Әрбір ағаш, әрбір гүл, әрбір саябақ бізге табиғаттың берген құндылықтары. Оларды сақтау, қорғау, әрі қарай дамыту баршамыздың ортақ міндеттеріміз. Осы шара арқылы біз табиғаттың байлығын сақтап қалуға үдес қосамыз. Сондықтан бүгінгі шеруде табиғатқа деген сүйіспеншілігімізді, қамқорлығымызды әрі жауапкершілігімізді көрсетуіміз керек.


"Таза Қазақстан" акциясы аясында ағаш егу тәсілдері мен оларды күтіп-баптау тәжірибесімен бөлісу жұмыстары жүргізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар арқылы өскелең ұрпаққа табиғатты аялаудың маңызын ұғындырады.  

ХАМИТ АХМЕТОВ, “КӨЛСАЙ КӨЛДЕРІ” МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ПАРКІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл ұлттық парк аумағындағы және бүкіл осы ұлттық паркке қатынасты көрші аудандар бар, көрші облыстар бар. Бүкіл дүниежүзілік акцияға жатады. Өйткені саябақтар шеруі дегеніміз, ұлттық парк аумағында 19-шы рет өткізіліп отыр. Бұл іс-шараның аясында табиғатқа деген адамзаттың жанашыр сезімін ояту, табиғатқа деген жанашырлық.


Парктер шеруі – тек экологиялық акция  емес, бұл – табиғатты аялауға шақыратын ұрпақ тәрбиесінің бір жолы. Мұндай шаралар жастардың экологиялық санасын қалыптастырып, әрбір азаматтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырады. Ұйымдастырушылар мұндай игі істер алдағы уақытта да жалғасын табады дейді.