Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда 33 жастағы тұрғын адамдарды қорқытып, ақша бопсалаумен айналысқан

  • AstanaTV
  • 13 сәуір 2025
  • 325

Орал қаласында қорқытып ақша бопсалаумен айналысқан 33 жастағы тұрғын ұсталды.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, күдікті әлеуметтік желіде жалған аккаунт ашып, өзін әйел ретінде көрсетіп, жәбірленушілермен танысқан.

- Кездесуде өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, олардың іс-әрекеті заңсыз екендігін айтып, қорқытып ақша бопсалаған. Осылайша, жәбірленушілер оған 3 млн астам теңге берген. Күдікті қолға түсіп, 3 эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.