Русский Сайттың толық нұсқасы

Өрт қауіпсіздігін бұзған елордалықтар жарты миллион теңгеге айыппұл арқалады

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2025
  • 379

Елордада рейд кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың бірнеше фактісі анықталды.

Толығырақ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Әділ Братаев айтып берді.

— Өрт қауіпсіздігіне бақылауды күшейту аясында Төтенше жағдайлар қызметкерлері полицейлермен бірге от жағуға тыйым салу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізіп жатыр. Рейд барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың 3 фактісі анықталды. Айыптыларға әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 336-бабы бойынша 471 840 теңге көлемінде айыппұл салынды, — деді Әділ Братаев Астана қаласы коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі халық арасында өрт қауіпсіздігіне қатысты түсіндіру жұмыстарының күшейтілгенін айтып отыр. 

— Әлеуметтік желілерде 87 жарияланым, жасыл белдеу аумағында 25 ескерту тақтайшасы мен 2 баннер орнатылды, — дейді ол.

Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлайды.