«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» зейнетақыны қайта есептеп шықты. 1 шілдеден бастап 2,1 миллионнан астам зейнеткер жоғары зейнетақы алатын болады. Бұған қоса "қосымша құжат жинап өткізудің қажеті жоқ" делінген хабарламада.
Жыл басында зейнетақыға қосылған 9 пайыздан бөлек, қосымша 11 пайыз қосылады. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақының ең төмен мөлшері 40 950 теңге болса, 1 шілдеден бастап 45 711 теңгеге өседі.