Колумбияда 150 туристті отырғызған кеме батып кетті. Салдарынан тоғыз адам көз жұмып, 28 адам іс-түссіз жоғалған. Қазір құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оқиға Пеньоль су қоймасында болған. Әзірге оқыс оқиғаның тіркелуіне не себеп болғаны анықталмай отыр. Associated Press-тің ақпаратына сәйкес, бортта болған туристердің бірінде де құтқару жилеті болмаған.
Жан түршігерлік оқиға жексенбі күні болған. Қазір барлық күштер адамдарды аман-есен жағаға жеткізу үшін жұмылдырылып жатыр. Әзірге қаза тапқандар мен жоғалғандардың қай елдің азаматтары екендігі туралы ақпарат жоқ.
Айбек ҚОСАН