Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы тұрғындарына ескерту жасалды

  • AstanaTV
  • 17 сәуір 2025
  • 231

Қазгидромет Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"17 сәуірде Орал, Ақтөбе, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.