Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Астана және Қазақстан митрополиті Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

  • AstanaTV
  • 17 сәуір 2025
  • 565

Мемлекет басшысы митрополит пен барша православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады,-деп хабарлайды Ақорда. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Православ шіркеуінің дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды насихаттауға, жас ұрпақты тәрбиелеу мен еліміздің бай мәдени мұрасын сақтауға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті. 





Президент митрополит Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл оның Қазақстандағы қызметіне 15 жыл толуына орай, сондай-ақ бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы еңбегі үшін беріліп отыр.