Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада "Көктем" мейрамханасының тамағынан 16 адам астан ұшынды

  • AstanaTV
  • 17 сәуір 2025
  • 115

Астанадағы «Көктем» мейрамханасының тамағынан 16 адам ұшынып, ауруханаға түсті. Оның  алтауы – балалар. Жедел ішек инфекциясы және гастроэнтерит диагнозымен науқастар қалалық инфекциялық орталығы мен балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің мәліметінше, науқастардың жағдайы – орташа ауыр. Қазір барлығы  бақылауда, қажетті ем қабылдап жатыр. Ал жаппай ұшыну жағдайының тіркелуіне байланысты полиция басқармасы тарапынан сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.