Түркістанда 150 сарбаз жыл басынан бері 281 құқық бұзушылықты анықтаған. Тыныштықты күзеткен әскери қызметкерлермен Ұлттық ұланның бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков кездесіп, еңбектерін жоғары бағалады. Генерал-майор жауынгерлерді сапалы тамақ және медициналық көмекпен қамтамасыз етіп, олар орналасқан ғимараттардағы мәселелерді шешуді тапсырды. Бас қолбасшы "Оңтүстік" өңірлік әскери бөлімдерін түгел аралап, материалдық-техникалық базаны тексерді.