Русский Сайттың толық нұсқасы

Ағартушы Ғұмар Қараштың туғанына биыл - 150 жыл

  • AstanaTV
  • 17 сәуір 2025
  • 226

Қазақ даласындағы тұңғыш ұлттық басылым - «Қазақстан» газетін шығарысқан Ғұмар Қараштың туғанына биыл 150 жыл толды. Ақындық һәм ағартушылық қырымен тарихта қалған қайраткер Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында дүниеге келген. Қазір өңірде Ғұмар Қараштың өнегелі өмірі кеңінен насихатталып жатыр. Ақын туралы пьеса жазылып, сахналанады. Сонымен қатар оның Қазақстандағы 100 киелі орынға енгізілген кесенесі де абаттандырылады. Ал Астанада ғылыми-практикалық конференция өткізілмек. Кезінде «Қазақстан» газетіне мақала жазып, басылымды кеңінен таратуға ат салысқан Ғұмар Қараш поэзиялық және әдеби-зерттеу еңбектердің де авторы. Дегенмен оның мектеп ашып, арнайы журнал шығарғаны, қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене араласқаны әлі жете зерттелмеді, дейді мамандар.

ЖАНТАС САФУЛЛИН, ӨЛКЕТАНУШЫ:

Ғұмар Қараш Алашорданың құрылған кезеңіндегі соған қатысқан негізгі саяси тұлғалардың бірі. Ол мына Орынборда болған съезге Бөкей Ордасынан арнайы барып қатынасып, сол съезде Алашорданың автономиясын шұғыл жариялауға дауыс берген тұлғалардың бірі. Сол жағынан келген кезде оны саяси тұлға ретінде де әлі зерттеу қажет.