Астана күніне орай қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалады. Бұл туралы Үкімет қаулысы шықты. 1 шілде сенбіге сәйкес келеді. Ол күн жұмыс күні болып белгіленіп, сенбілік демалыс 7-сіне ауыстырылды. 7-сі - келер аптаның жұмасы. Осылайша, қазақстандықтар 6-шы, 7-ші шілдеде 2 күн, ал сенбі мен жексенбіні қосқанда 4 күн қатарынан демалады. Айта кетейік, Астана күні - мемлекеттік мерекелердің бірі.